Қазақстанда егістік алқабының 79 пайызы өңделді

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дәнді дақылдардың жаңа өнімін жинау шеңберінде еліміздің диқандары республикадағы егіс алқаптарының 79 пайызы өңдеді,

Қазақстанда егістік алқабының 79 пайызы өңделді

 деп хабарлады pm.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Диқандар 12 188,7 мың га. жердің астығын жинады, бұл облыстардағы егіс алқаптарының 79,0 пайызын құрайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Өңірлер бойынша алғанда, Ақмола облысында 3 324,6, Ақтөбеде - 300,1; Алматыда - 314,3; Шығыс Қазақстанда -361,3; Жамбылда - 201,4; Батыс Қазақстанда - 240,7; Қарағандыда - 451,3; Қостанайда - 3847; Қызылордада - 29,2; Павлодарда - 390,7; Солтүстік Қазақстанда - 2571,5; Оңтүстік Қазақстанда -156,5 мың га. жердің өнімі жиналған.

онымен қатар, әр гектардан алынған өнімнің орташа көлемі Ақмола облысында 7,4, Ақтөбеде -2,8; Алматыда - 17,6; Шығыс Қазақстанда - 10,2; Жамбылда - 9,3; Батыс Қазақстанда - 5,4; Қарағандыда -7; Қостанайда - 6,4; Қызылордада - 32,9; Павлодарда - 5,9; Солтүстік Қазақстанда - 11,9; Оңтүстік Қазақстанда -10,1 ц/га құраған.