Қазақстанда экономикалық элитаны қалыптастыру қажет ? Мәжіліс депутаты

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде елімізде экономикалық элитаны қалыптастыру қажет. Бұл барлық мемлекеттерге тән үрдіс. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әрине, ең алдымен, бізде нағыз ұлттық саяси элита болғаны жөн. Одан кейін экономикалық элитаны қалыптасыру қажет. Ол ? еліміздің барлық табиғи байлықтарын халық игілігі үшін ұқсата білетін, Қазақстанның экономикасын дамытуға атсалысатын топ. Бұл дүниежүзінде қалыптасқан тәжірибе. Мәселен, бүгінде Түркия елінде мектеп-лицейлердің басым бөлігі кәсіпкерлердің тарапынан қаржыландырылады. Ал осы елдің ғылыми қауымына кәсіпкерлер үлкен демеушілік жасауда. Осының нәтижесінде Түркияның ғылым саласындағы жетістіктері өз елінде ғана емес, одан тыс жерлерде де жоғары бағаланып келеді. Ал бізде ондай экономикалық элита бар ма? Жоқ. Осыдан болар, біздің ғылыми ізденістеріміз көбісі жүзеге аспай қалады, ал кез келген мәселе ? тіл, мәдениет, тарих және тағысын тағылар үшін мемлекеттен ақша сұрау керек. Сондықтан, бүгінде бізге халық мүддесі үшін жұмыс істейтін экономикалық элита аса қажет», - дейді А.Смайыл.
Соңғы жаңалықтар