Қазақстанда экспорт сұранысы 100 пайыз қамтылған - ҚР Мұнай және газ министрі

trong>. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Каспий құбыр желісі консорциумының (КТК) қазақстандық бөлігінде мұнай тасымалын 50 миллион тоннаға ұлғайтпақпыз. Оны Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КТК құбыры арқылы былтыр 20 миллион тонна мұнай тасымалданды. Оның қазақстандық бөлігін енді 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтпақпыз. Қытай бағытында тасымалданатын мұнайды 10 миллион тоннадан 20 миллион тоннаға жеткізбекпіз. Қазақстанда экспорт сұранысы 100 пайыз қамтылған», дейді Сауат Мыңбаев. ҚР Мұнай және газ министрінің айтуынша, республикада Ақтау айлағымен 10 миллион тонна, Атырау-Самара құбыры арқылы 17 миллион тонна және теміржол арқылы 4 миллион тонна өнім тасымалданады. Сонымен қатар бұған ішкі нарықты да қосуға болады.

Соңғы жаңалықтар