Қазақстанда экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін Vimeo.com сайтына тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттағаны үшін тегін Vimeo видеохостингі бұғатталды. Осындай себептермен ҚР аумағында қызмет ететін тағы бірқатар сайттардың жұмысы тоқтатылды.
None
None

2017 жылғы 7 қыркүйекте Астана қ. Есіл аудандық соты Vimeo видеохостингі мен бірқатар басқа да интернет-ресурстарды Қазақстан заңнамасына қайшы деп тану туралы шешім шығарып, олардың ҚР аумағындағы жұмысын тоқтатуға қаулы етті.

«Тұтастай Vimeo интернет-ресурсында қаталдық пен зорлық-зомбылықты, терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттайтын видеоматериалдар көп», - деп хабарлады сотта.

Баспасөз қызметінде атап өтілгендей, интернет-ресурстарда таратылған материалдарды талдау оның заңға қайшы екендігін көрсетті, материалдар террорлық әрекетті жүзеге асыруға шақырады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар