Қазақстанда электр энергетикасына жаңа тарифтік саясат енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан энергетиктері электр энергиясы өндірісін жылдамдатуда - биыл 7 айдың ішінде қазақстандық энергетика компаниялары 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, нақты көлемде 5,8%-ға көп электр энергиясын өндірген, деп хабарлайды finprom.kz.
None
None

Бұл соңғы бесжылдықта еліміздегі электр энергиясы өндірісінің ең көп көрсеткіші. Өткен жылдың қаңтар-шілде аралығында 0,1%-ға азайған. Нақты айтқанда, электр энергиясы өндірісінің көлемі биыл 59 млрд кВт/с-дан асып кеткен.

Ресми деректер бойынша, биыл жеке сатып алушылар үшін электр энергиясының құны 3,8%-ға қымбаттаған. Бұл соңғы 5 жылдағы 7 айдың ішіндегі тарифтің ең төменгі өсу қарқыны саналады. Бұл саланы, әсіресе қызметтер тарификациясы мәселесін ары қарай реформациялау күтіп тұр.

Атап айтқанда, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 50-қадамында көрсетілгендей, электр энергетикасы саласы қайтадан құрылып, «Бірыңғай сатып алушы» моделі енгізіледі. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, осы саладағы инвестицияға қарқын беретін электр энергетикасына жаңа тарифтік саясат енгізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар