Қазақстанда электр энергиясы мен суық су қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үй-пәтер қызметінің тарифтері, жылу-су, электр энергиясы, газ және басқа да жанармай түрлері 2017 жылдың тамызында 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 5%-ға, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда - 6%-ке қымбаттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Көрсетілген ақпаратқа сәйкес, тамыз айында тұрғын үйдің шығындары 8,4%-ке бір шаршы метр үшін 26,63 теңгеге қымбаттаған. Ал қоқысты шығару - адам басына бір айда 4,8%-ке 161,74 теңгеге артқан. Сумен жабдықтау мен кәрізге саласында суық су айтарлықтай қымбаттаған - бір текше метрге 71,6 теңгені құрап, 10,5%-ға артқан.

Ыстық судың тарифі 3,5%-ке жоғарылап, бір текше метрге 221,77 теңге болған. Ал кәріздікі - 46,83 теңгеге дейін 9%-ке артқан. Орталықтан жылыту құны бір жылға 3,5% -ке 3943,93 теңге Гкалға дейін артса, бөлгіш желілер арқылы тасымалданатын табиғи газ - 4,8%-ке текше метріне 17,05 теңгеге дейін және төмендетілген газ - 4,3%-ке дейін 1 келіге 142,93 теңгеге қымбаттаған. 

Соңғы жаңалықтар