Қазақстанда электр энергиясын өндіру 6,2% артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында электр энергиясын өндіру көлемі 71,193 млрд кВт/сағат болып отыр. Бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 6,2% артық, деп xабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 54,257 млн Гкал  жылу энергиясы өндірілген (былтырғы көрсеткіштен 8,1% көп). Сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсету көлемі 1,818 млрд текше метрді (-2,3%) құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram