Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 4,4% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан қарашасына дейінгі аралықта электр энергиясын өндіру көлемі 97,043 млрд киловатт-сағатты құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Есепті кезеңде 73,395 млн гигакалория жылу энергиясы өндірілді (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8% артық), сумен қамтамасыз ету қызметтерінің көлемі 2,565 млрд текше метрді (+0,6%) құрады.

Соңғы жаңалықтар