Қазақстанда электр энергиясын тұтыну жыл сайын 2,7% өсіп отырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Энергетика министрлiгi Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, энергетикалық балансқа сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну 2035 жылға қарай 152,9 млрд КВт/сағ дейін өседі.
2021-2035 кезеңінде электр энергиясын тұтынудың орташа жылдық өсімі 2,7% артады.
Экономика мен тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2035 жылға қарай 17,5 ГВт жаңа генерация қажет болады.