Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер төмендетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтер төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Инфляцияны төмендету және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ ірі электр стансаларының жүктемесін қамтамасыз ету мәселесі бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді төмендету бойынша шешімді қарастырып, енгізу керек»,-деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар К. Мәсімов «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ға темір кені шикізатын жеткізуді арттыруға қолдау жасау қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты тиісті тапсырма берді.
«Магистральды теміржол қызметтеріне коэффициентті уақытша төмендету мәселесін қарастыру керек. Бұл тұрғыдағы жұмысты Ә. Исекешев қарастыру қажет»,-деді К. Мәсімов.