Қазақстанда электромобильдерді қуаттайтын стансалар орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жанар-жағармай стансаларында электромобильдердің қуат алуына қажетті нүктелер пайда болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауытының басқарушы директоры Дәулет Калеханов мәлім етті.

Қазақстанда электромобильдерді қуаттайтын стансалар орнатылады

«Біз жаңа әлемде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан Қазақстан заманауи процестерден қалыс қалмағаны абзал. Мәселен, қазіргі уақытта электромобильдердің танымалдылығы артуда. Біз республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан жанар-жағармай стансаларын электрқуаттаушы нүктелер орнатуды және газбен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз», - деді Дәулет Калеханов.

«Бұл идея БАҚ-та кәсіпкерлердің Tesla көлігін ойнатып жатқандығы туралы ақпарат шыққаннан соң келді. Электромобильдердің қуаты түрлі жағдайларда 150-200 шақырымға жетеді. Көлік иелері алыс жатқан өңірлерге жолға шығады, дегенмен оны қуаттайтын орындар мүлдем жоқ. Бастысы, олар жолда қалып қоймаулары шарт. Қалада енді ондай мәселені шешу оңай ғой. Біздің маркетологтар мен менеджерлер оны белгілі бір стансаларда орнатуды көздеуде. Олар көліктің қуаты бір стансадан екінші стансаға жетерліктей арақашықтықта орналаспақ. Кезең-кезеңмен жүргізілетін істі осылай бағамдап отырмыз», - дейді ҚМӨЗ басшысының орынбасары Аманай Махметов.

Оның сөзіне қарағанда, қуаттайтын стансалардың орнатылу мерзімдері белгіленуде. Сонымен қатар технологиялар қай елден жеткізілетіні де әлі белгісіз қалып отыр.

Айта кетейік, КМӨЗ қазақстандық 300 жанар-жағармай бекеттерінен құралған республикалық желі құрды.

фото: hi-news.ru