Қазақстанда электромобильдерге айтарлықтай сұраныс жоқ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда электромобильдердің бағасы қымбат болғандықтан, айтарлықтай сұраныс жоқ, деді «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы басқарма басшысы Олег Алферов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір нарықтағы жағдайға және қымбат болуына байланысты көліктің бұл түріне айтарлықтай сұраныс жоқ. Оған аталған көлік түріне инфраструктураның жоқтығы да себеп емес, себебі оны тұрмыстық электр қуатымен де қуаттауға болады. Оған деген сұраныстың кемуіне негізінен өте жоғары бағада сатылуы себеп болып отыр», деді «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы басқарма басшысы Олег Алферов.
Оның айтуынша, бұл сегментті егер мемлекет көлікті алғандарға субсидия берген жағдайда ғана дамытуға болады. - Бірақ, - дейді ол, Қазақстанның қазіргі жағдайында ол мүмкін емес.
«2020 жылға қарай индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында Қазақстан нарығында жаңа көліктер санын 300 мыңға жеткізу көзделген. Алайда, бұл жоспар уақыты кейінге шегерілді», - деді ол.
Одақ төрағасының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 11 айда 10 125 автокөлік шығарылды. Бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22 пайызға төмен.
2016 жылдың 11 айында ресми диллерлер 38,8 мың жеңіл көлік әкелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56 пайызға төмен. Былтыр бұл уақыт аралығында 88,4 мың көлік жеткізілген.