Қазақстанда электронды каталогтен сатып алынатын тауарлар қатары көбеймек
«Тауарлардың электрондық каталогі» жобасының енгізілгенін жеке атап өткім келеді. Ондағы мақсат - тауарлардың сипатын біріздендіру және стандарттау. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық каталог қолданысқа енгізілді және жалпыға қолжетімді. Каталог деректерді толтыру тәртібінде жұмыс істейді», - деді Эльдар Қазғанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуда тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қалыптастыру функционалы іске қосылды.
«Қазірдің өзінде каталогтен шамамен 16 мыңға жуық (15 606) техникалық ерекшелік қалыптастырылды. Сондай-ақ, бүгінгі күні 2000-нан астам пайдаланушы тіркеліп, 461 мың тауар енгізілді. Ендігі жоспрар жыл соңына дейін каталогті тауарлармен толтыру және электрондық каталогінен сатып алынатын тауарлар тізбесін кеңейту бойынша жұмысты күшейтеміз. Одан бөлек, тауарларды модерациялау процесі үшін нейро желілерге негізделген машиналық оқыту технологияларын қолдану жоспары бар», - дейді ол.