Қазақстанда электронды коммерция айналымы 600 млн. долларға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электронды коммерция айналымы 600 млн. долларды құрады. Бұл туралы бүгін Астанадағы ASTEX-2014 Халықаралық көрме-конференциясы барысында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Қазақстанда электронды коммерция айналымы 600 млн. долларға жетті

«Біз дамудың келесі кезеңінде электронды коммерция қызметтерін белсенді түрде алға жылжытуға бағытталып отырмыз. Бұл тұрғыда нәтижелер бар. Бүгінде Қазақстанда виртуалды коммерция 600 млн. долларға жуықтады және оның қарқыны жыл сайын жақсы көрсеткішпен артуда»,-деді А. Жұмағалиев. Сонымен қатар агенттік басшысы БҰҰ мәліметтері бойынша «электронды үкіметті» дымыту деңгейінде қазіргі кезде Қазақстан 190 елдің ішінде 38-орынға тұрақтады. Ал электронды қатысу аясында Сингапурмен қатар екінші орындамыз. Осы рейтингте Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 16 сатыға жоғарылады. «Алайда, осы жақсы көрсеткіштерге қарамастан, әлі де еңбек ету қажет, яғни Мемлекет басшысы қол қойған үлкен бағдарлама аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жаңа нәтижелерге қол жеткізу керек», - деп түйді А. Жұмағалиев.