Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметтің ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарына қатысты пікір айтты.
— Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Дүниежүзінде ең төменгі жалақы - ол медиандық жалақының 50 пайызы. Бізде (орташа жалақының) оның деңгейі - 302 мың. Бұл ретте, жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу міндеті алдымызда тұр, - деді А. Әмрин.
Бұл ретте түпкілікті шешім республикалық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болады.
— Биылғы түсім бойынша бюджет қалай болатынын енді көретін боламыз. Осы динамика жалғаса берсе, бұған қаржылық мүмкіндік болады», - деді вице-министр.
Еске салсақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi — 85 000 теңге болды.