Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Елімізде 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды.

Қазақстанда еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1480 қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Үкіметтің тиісті қаулысында былай делінген: «2011 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттырылсын».

Бұл қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов қол қойған.