Қазақстанда еңбек ресурстарын бөлу картасы құрылатын болады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстанда еңбек нарығы ауқымды түрде зерттеліп, зерттеу нәтижесінде еңбек ресурстарын бөлу картасы құрылатын болады,
None
None

деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының әлеуметтік жобалар жөніндегі атқарушы директоры Жанар Мәмбиева.

«2012 жылдың 1 маусымынан бастап  жергілікті атқарушы органдардың жұмысы аясында мамандықтар мен салалар бөлімінде еңбек нарығына  5 жылға арналған зерттеу жүргізу жоспарлануда», - дейді Жанар Мәмбиева.

Оның айтуынша, осы зерттеудің арқасында жұмыс күші көп аудандар анықталып, еңбек ресурстарын бөлу картасы құрылады.

«Картаның мақсаты еңбек ресурстарының даму динамикасын қолдау және жаңарту болып табылады. Картаның көмегімен жаңа инновациялық жобалар үшін еңбек ресурстарын іздеуге мүмкіндік туып, мамандарды оқыту мен қайта оқытуды талап ететін салалар анықталмақ», - деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар