13:52, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қазақстанда еңбекке қабілетті сотталғандардың 52 пайызы жұмыспен қамтылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда еңбекке қабілетті сотталғандардың 52 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы департаменті басшысының орынбасары Берік Жақаев мәлім етті.
«Бүгінгі таңда коллонияларды 42 мың сотталушы бар. Оның 27 мыңы немесе 62 пайызы еңбекке жарамды. Дегенмен жалақы төленетін жұмыспен еңбекке қабілетті сотталушылардың 52 пайызы ғана қамтылған. Яғни, жартысы ғана», - деді Б.Жақаев.
Оның атап өтуінше, сотталушылардың коллонияда жұмыссыз болуы олардың бостандыққа шыққаннан кейін де жеңіл өмірге ұмтылысын арттыра түседі.
«Бұл ретте ұлы Абайдың «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», деген сөзі тура айтылған. Темір тордың ар жағындағы өмір бостандықта ембекқор болғандардың өзін бүлдіреді», - деді ол.