Қазақстанда еңбекке жаппай ұмтылыс айрықша құндылық болуы тиіс - Д. Мыңбай

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қоғамда еңбекқорлықты, кәсіби біліктілікті арттыруға ұмтылысты қалыптастыру бағытында жұмыс істеу керек.
None
None

 Бүгін Астанадағы «Әлеуметтік жаңғырту - Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуының басты парадтигмасы» Қазақстан саясаттанушыларының конгресінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай айтты.

 Еуропадағы кейбір елдердегі еңбек құндылығы проблемаларына тоқталған министр, «барлығы аз жұмыс істеп, көп табыс жасағысы келеді. Бұл қадамдарды қабылдау тиімсіз және қатерлі.  Біздің елде еңбекке жаппай ұмтылыс айрықша құндылық болуы тиіс. Біз қазақстандықтар республиканың бұдан ары қарай дамуы үшін қатаң бәсекелестік орнаған қазіргі заманғы әлемде көп әрі сапалы жұмыс істеу керектігін түсінуіміз  қажет. Атап айтқанда, әрдайым кәсіби біліктілік пен білімді жетілдіріп отыру маңызды»,-деді. Осы орайда Д. Мыңбай тек еңбек қана Қазақстанның жетістіктерінің кепілі бола алатынын еліміздің әр азаматы жетік түсінуі шарт екенін қадап айтты.

 Министрдің пайымдауынша, қоғамда және адамда еңбекқорлықты, кәсіби біліктілікті арттыруға ұмтылысты, әділ еңбекті қалыптастыру бағытында жұмыс істеу керек.

 «Біздің айналамыздағы өмір қатаң бәсекелестік қағидалары бойынша дамып келеді. Сондықтан да тыныштықты сақтап қалу үшін қоғамды біріктіруге негізделген әр идеяны ұстану қажет»,-деп түйді Д. Мыңбай.

 Конгресс жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Аталған айтулы жиын барысында «Әлеуметтік жаңғыртудың қоғамдық-саяси және рухани-құндылық аспектілері» және «Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жағдайындағы әлеуметтік жаңғырту» тақырыптарында сессиялық талқылаулар өтті.

Соңғы жаңалықтар