Қазақстанда энергия тиімділігі көрсетіле отырып, ғимараттардың энергетикалық паспорты енгізілгені орынды - БҰҰ ДБ сарапшысы

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда энергия тиімділігі класы көрсетіле отырып, ғимараттардың энергетикалық паспортын енгізген орынды.

Қазақстанда энергия тиімділігі көрсетіле отырып, ғимараттардың энергетикалық паспорты енгізілгені орынды - БҰҰ ДБ сарапшысы

Бұндай ұсынысты бүгін Астанада «Энергоаудит және энергоменеджмент - еліміздің энергетикалық тұрақты дамуының бөлігі» атты ғылыми-практикалық конференцияда БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасының менеджері Баян Әбілқайырова мәлім етті.

Бұдан бөлек, БҰҰ ДБ жобалардың мемлекеттік сараптама шеңберінде энергия үнемдеу сараптамасын жүргізу, тұрғын үй қорында жылу энергиясын есептеу құралын жобалау және орнату тапсырмаларында энергия тиімділігі класын көрсету туралы Заңның талаптарын міндетті сақтауды қамтамасыз етуді және энергия тиімділік кластары бойынша ғимараттарды келесі паспорттау мүмкіндігін қарауды ұсынады.

«Сонымен қатар, энергоаудитті сапасыз өткізгені, есептеу құралдарын орнатпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті де енгізу керек», дейді Баян Әбілқайырова.