Қазақстанда енгізілмек міндеттелген сақтандырудың артықшылығы қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда міндеттелген сақтандыруды енгізу қарастырылуда. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған еліміздің Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Заң жобасында Қазақстанда міндеттелген сақтандыруды енгізу  көзделген. Көптеген елдердің тәжірибесі дәстүрлі міндетті сақтандырудан міндеттелген сақтандыруға өтуді көрсетіп отыр. Мысалы, Францияның заңнамасында міндетті сақтандырудың 104 түрі бар. Оның ішінде 4-еуі ғана дәстүрлі міндетті сақтандыруға жатады. Қалған 100 міндеттелген сақтандыру», - деді Д.Ақышев.

Онның түсіндіруінше, міндеттелген сақтандырудың артықшылығы сақтандыру шарты болуы туралы талапты заңнамалық бекіту және оның маңызды талаптары кезінде сақтандырудың нақты талаптары арнайы заңда емес, шартта белгіленгендігінде.

«Қазіргі уақытта міндеттелген сақтандыруға ұқсас сақтандыру кеден ісі туралы кодексте жүзеге асырылған. Онда кеден өкілінде, уақытша сақтау қоймаларының иелерінде сақтандыру шартының болуы көзделген. Мұндай нормалар «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңда да бар. Онда жеке сот орындаушысында сақтандыру шартының болуы талап етіледі. Міндеттелген сақтандыруды енгізу клиенттің мүддесін қорғайтын сақтандырудың икемді талаптарын ескеруге, сақтандыру өнімдерін жақсартуға және тәуекелдердің нақты тізбесін анықтауға мүмкіндік береді», - деді Д.Ақышев.

Аталған Заң жобасы Үкімет мүшелері тарапынан толық қолдауға ие болғаннан кейін, бір айдың ішінде Мәжіліс қарауына енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар