Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде тұрғындардың обамен, тырысқақпен, күйдіргімен, паратифпен, дифтериямен, полиомиелитпен, сіреспемен, безгекпен сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ.
2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 нозологиялық түр бойынша төмендеу үндісі байқалады, оның ішінде қызамық 3,0 есеге, қызылша 47,9%-ға, жіті вирустық гепатиттер 37,1%-ға, оның ішінде: А гепатиті 37,8%-ға, С гепатиті 36,1%-ға, В гепатиті 31,6%-ға, көкжөтел 26,5%-ға, қышыма 29,3%-ға, менингококк инфекциясы 25,5%-ға, сарып ауруы 17,9%-ға, жіті ішек инфекциясының таяқшалары 2,7%-ға, тыныс алу мүшелерінің туберкулезі 6,2%-ға, эхинококкоз 6,2%-ға, ротавирустық энтерит 3,5%-ға, сальмонеллез 2,9%-ға төмендеді.