Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - ҚР ДСМ

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - ҚР ДСМ

Ағымдағы жылы республикада халықтың тырысқақпен, паратифпен, обамен, туляремиямен, күйдіргімен, дифтериямен, сіреспемен, полиомиелитпен, кене энцефалитімен, безгекпен сырқаттану жағдайы тіркелген жоқ. 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сальмонеллезбен сырқаттану көрсеткіші 36,6 пайызға, жіті вирустық гепатиттермен - 30,0, оның ішінде А вирустық гепатитімен - 29,6, В вирустық гепатитімен - 32,6, педикулезбен -28,5, ротавирустық инфекциялармен - 27,1, сарып аурумен - 17,4, тыныс алу органдарының туберкулезімен - 14,3, жіті ішек инфекцияларымен - 17,4 пайызға және ботулизммен - 9,4 есеге төмендегені байқалады.

Республиканың эндемиялық өңірлерінде жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы халықтың Конго-қырым қанды безгегіне шалдығуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 есеге төмендеді.

Ағымдағы жылдың 3 маусымындағы жағдай бойынша республикада Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір жағдайдан КҚҚБ ауруының зертханалық расталған жағдайы тіркелді (2010 жылдың сәйкес кезеңінде КҚҚБ ауруының зертханалық расталған 11 жағдайы тіркелді).

Онымен бірге, қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан (1 жағдай) және Қызылорда облыстарында (2 жағдай) КҚҚБ дертіне шалдығу күдігімен 3 адам тіркелді. Барлық науқастар стационарға емдеуге жатқызылып, тиісті ем қабылдауда, зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Министрлік дене қызуы көтеріліп, денеге бөртпе шықса, мұрыннан, қызыл иектен қан ақса, жалпы әлсіздікке байланысты аурулардың бірінші белгілері пайда бола бастағанда медициналық көмекке уақтылы жүгінуге кеңес береді.