Қазақстанда ер балалар көбірек туды - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 381 005 туғандар тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде - 206 198 адам, ауылдық - 174 807 адам. Туылған ер балалардың саны 195 570 адамды (51,3%), қыз балалар - 185 435 адамды (48,7%), сондай-ақ туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 105,5 ер баланы құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
None
None
2002 жылмен салыстырғанда туғандар саны 67,7%-ға (ер балалар - 68,5%-ға, қыз балалар - 66,9%-ға), қалалық мекендерде - 68,5%-ға, ауылдық - 66,8%-ға артты.
Өткен жылы 1 000 тұрғынға шаққандағы туғандардың жалпы коэффициенті 22,69 туғандарды құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 7,4 промиллеге артты (2002ж. - 15,29). Қалалық жерлерде осы көрсеткіш 22,41 (2002ж. - 14,49), ауылдық мекендерде - 23,03-ті (2002ж. - 16,34) құрады.
Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі Манғыстау - 30,49, Оңтүстік Қазақстан - 30,23, Атырау - 28,37 және Қызылорда - 28,10 облыстарында белгіленді. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай - 14,93, Шығыс Қазақстан - 16,67 және Павлодар - 17,19 - облыстарында байқалды.
Былтыр туғандағы әйелдің орта жасы 28,2 жас шамасында болды, сондай-ақ 2002 жылмен салыстырғанда 1,1 жасқа (2002ж. - 27,1 жас), қалалық мекендерде - 1,3 жасқа (2002ж. - 27,1), ауылдық мекендерде 0,6 жасқа (2002ж. - 27,2 жас) ұлғайды.
Қазақстанның бірнеше өңірлерінде туғандағы әйелдің орта жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, көрсеткіш Алматы қаласында 29,8 жасты, Астана қаласында 29,0, Ақтөбе облысында 28,7 жасты құрады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум