Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ересектердің 21,5%-ы темекі шегеді

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2019 жылғы зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасында 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу – 21,5% болған. Бұл ретте ер адамдар арасында – 38%-дан астамы, әйелдер арасында-6,4%-ы темекі шегеді. Темекі шегуді бастаудың орташа жасы – 17-ден 18 жас», - деді ведомство басшысы.

Министр келтірген статистика бойынша, 15 жастағы ұлдардың арасында темекі шегу көрсеткіші – 10%, қыздардың арасында - 6%.

«Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Ұлдардың арасында 15 жастағы қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%, қыздардың арасында - 6% құрайды», - деді Ажар Ғиният.