Қазақстанда «ет» кластері құрылады - ҚазАгро

ол өнім берушілер мен етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ресурстарын біріктіруді қарастырмақ, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев.
«ҚазАгро» холдингі ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде ет кластерін құру бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады. Оның негізгі мақсаты - жобаға мүдделі қатысушылардың бәрінің ресурстарын біріктіру және қазақстандық етті экспортқа шығару және сату кезінде трансакциялық шығынды төмендету», - деді А.Баққожаев.
Сонымен қатар, ол консорциум жұмысының тетігі шаруашылық-өнім берушілермен форвардтық келісім жасау міндетті талаптарымен етті қайта өңдеу кәсіпорындарын және жаңа мал жемдейтін алаңдарды ұзақ мерзімді қаржыландыру екенін атап өтті.
«Осылайша, сатып алу бағасы келісіледі, ал мал жемдейтін алаңдар мен ет комбинаттары шаруаларды аванстайды. Ұлттық холдингтің басқарушы директорының мәліметінше, ағымдағы жылы кластерді құру арқылы 500 тонна көлемінде жоғары сапалы сиыр етінің бірінші партиясын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.