Қазақстанда ет өндірісі 10 пайызға артқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-ақпанында ет өндірісі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 44 395 тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Аталған кезеңде 84 665 тонна сүт (былтыр жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғандағы өсім - 3,8 пайыз), 639 404 тонна ұн (-2,6%), 52 498 тонна қант (-36,4%), 13 223 тонна жарма (+10,3%) өндірілген.