Қазақстанда этносаралық проблема жоқ - Е.Тоғжанов (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда этносаралық проблема жоқ. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты.

Қазақстанда этносаралық проблема жоқ - Е.Тоғжанов (ФОТО)

«Біздің елімізде этносаралық проблеманың жоқ екендігін сіздерге тағы да бір мәрте баса айтқым келеді. Этнос ішіндегі кейбір мәселелердің болуы да мүмкін. Бірақ біз мұндай мәселені еш уақытта назардан тыс қалдырмаймыз. Этностардың өзара қарым-қатынасы біздің күнтәртібімізден түскен емес. Біздің қызметімізде бұл мәселе - барлық қоғамның келісімі әр уақытта да басты назарымызда болады», - деді Е.Тоғжанов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кеңес барысында.

Оның сөзіне қарағанда, ҚХА өз жұмысы барысында еліміздегі барлық азаматтық қоғам институттарының шоғырлануын қамтамасыз ететін болады.

«Қоғамдық келісім тек қана этностық мәселелерге қатысты емес. Ол бірінші кезекте адамдардың өмір сүру жағдайына, әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығының қамтамасыз етілуіне байланысты болуы мүмкін», - деді ол.