Қазақстанда Евро-3 экологиялық деңгейін енгізу 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне Евро-3 экологиялық кезеңін енгізу мерзімдері бойынша бұдан бұрын қабылданған қаулыға өзгертулер енгізу жөнінде қаулы жобасын енгізді,
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Аталған жоба заңды және жеке тұлғалардан 3-экологиялық кезеңін енгізу мерзімін 2011 жылғы 1 шілдеден кейінірек ауыстыру жөнінде көптеген өтінімдер келіп түсуіне байланысты жасалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №737 қаулысымен 3-экологиялық кезеңін енгізу мерзімі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді.