Қазақстанда ғалымдар көмегімен алғаш рет радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда алғаш рет радиациялық модификацияланған кабельдер шығарыла бастайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өндірушілермен бірлесе шығармақ.

Ғалымдар бұл өнімді шығарудың жаңа технологиясын әзірлеп, қолдану қасиеттерін жақсартты. Оның басты артықшылығы – жоғары температураға төзімді.

Радиациялық модификацияланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабель пайдалы қазбаларды және баламалы энергия көздерін өндіруге арналған.

Өндіріс әдісі елімізде әзірге қолданылмайды.

«Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жасайтын жергілікті өндірушілер тек оқшаулағыш қабатты пероксидті біріктіру әдісін қолданады. Біз «Қазэлектромаш» ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші болып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабельдік өнімнің мұнай-суасты және фотовольтаикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кабель-өткізгіш өнімдерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын - ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), агрессивті ортаға төзімділікті (сілтілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ядролық технологиялар паркінің инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.

ЕҰУ ғалымдары ғылыми жобаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Өндірісті 2023 жылдың І жартыжылдығында іске қосу көзделген.

Фото: enu.kz




Соңғы жаңалықтар