Қазақстанда Ғарыш күні атап өтіледі
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде ағымдағы аптада Ғарыш күні атап өтіледі.
«12 сәуірде халықаралық қауымдастық Халықаралық ғарыш күнін атап өтеді. Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде бірқатар ғарыштық бағдарламалар іске асырылуда, Қазақстан аумағында дүниежүзіне танымал «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан. Осыған орай 10-11 сәуірде Жерді қашықтықтан зерттеудің алғашқы қазақстандық серігін алдағы уақытта іске қосуға арналған «Қазақстандағы Ғарыш күні» атты халықаралық семинар өтеді», - деді бүгін өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Семинарды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі, Еуропалық EADS концернінің құрылымдық Astrium француз компаниясы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр.