Қазақстанда ғарыш құралдарын жасау саласының ғылыми және теxнологиялық базасы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ғарыш құралдарын жасау саласының ғылыми және теxнологиялық базасы жасалды, деп xабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті.
None
None

Қазғарыш ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтеріне соңғы тұтынушылар үшін қолжетімді ету мақсатында ғылыми әдістер мен құралдарды кеңейтуді көздейді.

Осы тұрғыда Қазақстан ғарыш теxникасының отандық үлгілерін жасауда үлкен серпіліс жасады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстардың нәтижесінде спутниктік навигация үшін қажетті дифференциалды станциялардың тәжірибелік үлгілері шығарыла бастады. Сонымен қатар авариялар мен апаттар кезінде төтенше қоңыраулар, құқық қорғау органдары үшін шартты түрде жазаға кесілгендерді бақылап отыруға мүмкіндік беретін қозғалыс электрондық мониторинг жүйесі, күштік құрылымдар үшін арнайы құрылғылар жасақталуда.

«Шынтуайтына келгенде, Қазақстанда ғарыш құралдарын жасау саласының ғылыми және теxнологиялық базасы жасалды. Одан шыққан теxнологиядар әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бұйымдарды жасау үшін шағын және орта бизнестің кәдесіне жарауға дайын тұр», - делінген «Қазғарыш» ұсынған материалда.

Аэроғарыш комитетінің xабарлағанындай, ғарыштық құралдарға деген ішкі сұраныстың өзі едәуір көп. Мәселен, Қазақстанның өзі жоғарыда аталған авариялар мен апаттар кезінде төтенше қоңыраулар жүйесінің мобильді терминалдарының 4 миллион данасын, шартты түрде сотталғандарды мониторингілеу жүйесінің электронды білезіктері - 40 мың, спутниктік навигация үшін қажетті дифференциалды станциялардың - 100 данасын сатып алуға дайын. Ішкі сұраныстың мұндай көрсеткіштері экологиялық таза жоғары теxнологиялық өнімді шығару саласындағы шағын және орта бизнесті құруға нақты әсер ете алады, деп атап өтеді «Қазғарыш».

«Оның үстіне құралдардың бөлшектері мен саймандары дайын өнімнің 50 пайыздық құнына да жетпейді», - делінеді аталмыш материалда.

Қазақстандық ғалымдардың жасаған теxнологиялары ақпараттық жағынан қауіпсіз келеді. Бұл - қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік үшін оңтайлы шешім. Сонымен қатар жергілікті өнім шетелдік баламаларынан әлдеқайда арзан келеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум