Қазақстанда газ қоры 7 трлн. текше метрден асады - Ұ. Қарабалин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда газ қоры 7 трлн. текше метрден асады. Бұл туралы бүгін селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Қазақстанда геологиялық газ ресурстары (Каспий шельфінде ашылған жаңа кен орындарын есепке алғанда) 6-7 трлн. текше метрден асады. Шығарылған қор көлемі 3,8 трлн. текше метрден жоғары»,- деді министр. Оның сөзіне қарағанда, Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарының қоры Қазақстанның барлық қор көлемінің 75 пайызын құрайды.