Қазақстанда газбен жүретін автокөлік саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков еліміздің ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газының жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, сұйытылған газ автокөліктер үшін балама отын түрі.

«Ішкі нарықта тұтыну көлемі елеулі деңгейде өсіп келеді. Бірақ өндіріс көлемі сол деңгейде қалды. 2019 жылы сұйытылған газбен жүретін, яғни бензиннен осы отын түріне ауысқан авокөлік саны 140 мың болды. Ал 2021 жылы олардың саны 313 мыңға дейін жетті. Салыстырмалы түрде қарасақ, екі өңірдің тұтыну көлемімен бірдей. Сондықтан нарықта бағасы арзан газ болса, сәйкесінше тұтынушылардың саны артады. Осы орайда тапшылық пайда болады», - деді Мұрат Жөребеков онлайн брифингіде.

Министрлік мәліметіне қарағанда, 2021 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газына сұраныс шамамен 1,6 миллион тонна деңгейінде болжанса, 2019 жылы тұтыну 1,3 миллион тоннаны құрады.


Соңғы жаңалықтар