Қазақстанда гемобластоз-созылмалы мелалейкозбен ауыратын 600-ге жуық мүгедек бар

«Гемобластоздармен сырқат мүгедектер қоғамдастығының» вице-президенті Тамара Каленчуктың айтуынша, бұл науқастарға өмір бойы өмірлік маңызы бар препараттарды қабылдауға тура келеді. Сондықтан тиімді терапия мәселесі медициналық мәселелер қатарынан медициналық-әлеуметтік мәселелер қатарына өтті. «Осыған байланысты осы аурумен ауыратын адамдардың бастамашыл тобы бірігіп, қауымдастық құрған едік. Басты мақсат науқастардың басын біріктіру, ауруды зерттеу, емдеу сапасын арттыру. Сонымен қатар аурулардың құқықтарын қорғау, аурудың алдын-алу мен оларды қараушы туыстарын үйрету үшін емделушілер мектебін құру», дейді Т.Каленчук.
Қазақ Ұлттық онкология және радиология институтының гемабластоздар бөлімінің меңгерушісі Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, Қазақстанда соңғы 5 жылда гемобластозбен ауыратындар мен өлім көрсеткіші тұрақты түрде қалып отыр. Яғни, өсу мен төмендеу жоқ. Аймақтар бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында ауру мен өлім көрсеткіші жоғары болып отыр. Жалпы, елімізде бұл аурумен ауыратындардың жалпы саны 2005 жылы 1368 адам болса, 2009 жылы 1257 адам болған.
Конференция барысында аурулар санын азайту мен науқастардың дәрімен қамтамасыз етілуі, емдеудің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері талқыланды.