Қазақстанда гендерлік теңдіктің жаңа стратегиясын даярлау жұмыстары жүріп жатыр
«Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясы 2006 жылдан 2016 жыл кезеңіне қабылданып, Президенттің Жарлығымен бекітілген болатын. Біздің ойымызша, бұл бағытта көптеген көрсеткіштер бойынша жұмыстар орындалды», - деді депутат. Осы орайда ол бүгінде облыстарда, қалалар мен аудандарда лауазымды қызметтерде (сонымен қатар мәслихаттарда) нәзік жандылардың үлесі артып келе жатқанын атап өтті. «Кейбір өңірлерде әйелдердің үлесі 30 пайызға дейін жетеді, ал кейбірінде шамамен 10-12 пайыз деңгейінде. 2016 жыл жақындап келеді, яғни бұл электораттық кезең. Осы орайда активтермен жұмыстар маңызды деп санаймыз. Саясаттанушы әйелдер клубтарының жұмысын, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмыстарын жандандыру керек. Сонымен қатар ең басты мақсат - жаңа құжатты әзірлеу. Атап айтқанда, алдағы онжылдық кезеңге жаңа стратегияны даярлау қажет. Қазіргі кезде Ұлттық комиссия үкіметтік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесе осы жұмысқа әзірленіп жатыр»,- деді Е.Тарасенко.