Қазақстанда гендік модификацияланған азық-түлікті анықтайтын 5 зертхана жұмыс істейді - С.Қайырбекова

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда гендік модификацияланған азық-түлікті анықтайтын 5 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Қазақстанда гендік модификацияланған азық-түлікті анықтайтын 5 зертхана жұмыс істейді - С.Қайырбекова

«Шеттен тасымалдау, гендік модификацияланған азық-түлікті пайдалану талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетімен гендік модификацияланған азық-түлікті анықтайтын 5 зертхана құрылды»,- деді ол.

Жалпы, министрдің сөзіне қарағанда, елімізде ауыз суды санитарлық-эпидемиологиялық мониторингілеуге бақылау күшейтілген.

«Соңғы 10 жылдың ішінде су құбырымен келетін судың санитарлық-химиялық бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеу көрсеткіші 4,2, ал микробиологиялық 2,5 есе төмендеді», - деді С.Қайырбекова.