Қазақстанда ғылыми жоба авторларының табысы қанша

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ғылыми жоба авторларына берілетін сыйақылар туралы түсінік берді.

Мәжіліс қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс туралы заң жобасын қабылдады
Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

«2023 жылдың қорытындысын саралай келе, 2022 жылы іске қосылған жобалар бойынша авторларға онлайн-бақылау технологиясы жобасына қатысты 20 млн теңге көлемінде авторлық сыйақы төленді», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдар роялтиден басқа ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру жобаларын іске асырудан да дивидендтер алуға құқылы.

«2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан конкурстар аясында «Ғылым қоры» АҚ ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландырудың 290 жобасын қаржыландырды. Оның ішінде 152-сі аяқталды және 138 жоба іске асыру сатысында. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жобалар бойынша жалпы сатылымдар 33,7 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, технологияларды беру тұрғысында 51 лицензиялық келісім жасалды, жалпы сомасы 534 млн теңгеге роялти төленді, 1 763 жұмыс орны ашылды, сондай-ақ төленген жалақының жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрады», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар