Қазақстанда халық арасында АҚТҚ инфекцияның таралу деңгейі 0,15 пайыздан жоғары емес

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда халық арасында инфекцияның таралу деңгейі 0,15 пайыздан жоғары емес. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстандағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша жағдай және оның алдын алу» атты тақырыпта өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасының бастығы Айтмағанбет Жолшаринов  мәлім етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «АҚТҚ жұқпасының инъекциялық жолмен берілуін төмендету мақсатында еліміздегі осы ауру түрі көп тараған өңірлерде - Павлодар және Теміртау қалаларында ілкі жобалар былтырдан бастап жүзеге аса бастады. Атап айтқанда, екі қалада АҚТҚ-ны жұқтырған инъекциялық есірткіні тұтынушы 50 адам үшін метадонмен алмастыру терапиясының ілкі шаралары енгізілді. Сонымен қатар, 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама аясында да тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат қарастырылады. Мәселен, биылдың өзінде АҚТҚ дертінің алдын алу шараларына 59,4 млн. теңге бөлінді», деді А. Жолшаринов.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша, қазіргі күні Қазақстан Республикасы эпидемияның шоғырлану сатысында тұр. Атап айтқанда, халық арасында бұл инфекцияның таралу деңгейі 0,15 пайыздан жоғары емес. Бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірлеріндегі орта деңгейден бірнеше есеге төмен.

Соңғы жаңалықтар