Қазақстанда халықаралық бала ұрлауға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалған

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда халықаралық бала ұрлауға қатысты соңғы 10 жылда 4 қылмыстық іс қозғалды.
None
None

    Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.  

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы он жылда балаларды халықаралық ұрлауға қатысты 4 қылмыстық іс қана қозғалды. Оның ішінде оқиғалардың басым бөлігі негізінен ата-аналары өзара келісімдерсіз балаларды шетелге әкетуден туындайды. Сонымен қатар, орын алған фактінің біреуі бойынша баланы Ресейге, ал екі жағдайда Қырғызстанға алып кетпек болғаны тіркелген еді. Бұдан бөлек, 2007 жылы біздің елімізде Қырғыз елінің азаматы екі баланы кейіннен ақша бопсаламақ мақсатта ұрлап алып кетіп, шекара аспай ұсталған еді. Сол бойынша әлгі азаматқа қылмыстық іс қозғалып, балалар қайтарып алынған болатын», - деді министр Қалмұханбет Қасымов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәжіліс аталған конвенцияны мақұлдап, құжатты Сенатқа жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар