Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай PhD докторларын даярлау сәтті жүзеге асуда

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан ғылымының даму үдерісіне жастар белсене атсалысуда, олар алдыңғы аға буынның сенімін ақтайды, дейді Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің PhD докторанты Гүлнұр Әлімбекова.
None
None

«Мен «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығының PhD докторантымын. Германияның Потсдам қаласында Макс-Планк ғылыми-зерттеу институтында ғылыми іс-тәжірибеден өттім. Онда шетелдік ғалымдардың ғылыми бағдарын байқап, тәжірибе алмастым. Елбасы кеше Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында ғалымдардың бәсекелестік қабілетін көтеру жайын көтерді. Менің ойымша, елімізде ғылымды дамытуда қазір үлкен игілікті істер жасалып жатыр. Ол қазірдің өзінде өз жемісні бере бастады», - дейді Г. Әлімбекова.

Оның айтуынша, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университеті ашылып, дүниежүзінің 60 жоғары оқу орнында магистранттар «Нанотехнология», «Экология», «IT-технология» және «Энергетика» бағыттары бойынша «қос дипломды» бағдарламамен оқуға мүмкіндік алды. ҚР Президенті бұл форумда жас ғалымдарға үлкен міндет жүктеді. Олар бұл сенімді ақтайды. Өйткені Н.Назарбаев ғылымға жасалатын қамқорлықтың алдағы уақытта басты назарда болатынын айтып, жаңа басымдықтарды айқындап берді.

Соңғы жаңалықтар