Қазақстанда халықты несиелеу бір жылда 19% артты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындарға займ беру - несиелеудің ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті. Оның өсімі бір жылда 19% құрады, тікелей тұтыну несиелері 15% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда халықты несиелеу бір жылда 19% артты

Қазақстан банктерінің қарыз беретін портфелі бір жылда - 1,8%, банктің экономикаға бағытталған несиелері 1,1% қысқарған. Тұрғындарға несие беру қарқынды артып келеді. Мәселен, жеке тұлғаларға берілген несиелер бірден 19% артқан. Ал тұтынушылық несие бір жылда 14,9% өскен.

Банктер клиент тарту үшін қосымша акцияларды көбірек қолдана бастаған. Кейбір банк апта сайын автомобиль ұтыс ойынын жарияласа, енді бірі зейнеткерлер арасында лотерея өткізуде.

Еске сала кетейік, ең ірі он банктің арасында тұтынушылық несиелер бойынша минималды бір жылдық тиімді мөлшерлемені ForteBank ұсынып отыр - 0,1%. Екінші орында Халық банкі тұр. Мұнда клиенттің өмірі сақтандырылған жағдайда мөлшерлеме - 1%. Үздіктер үштігінде, сондай-ақ АТФбанк бар - 17,2%.

Автор: Данияр Дәуітәлиев