Қазақстанда «Халықтық IPO-ға» қатысуға өтінім қабылдау үшін 3 мыңнан астам трансфер-агенттік пункт ашылады - Қазпошта

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әркен Арыстанов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
«KEGOC» компаниясының «Халықтық IPO-ға» шығуына дайындығы шеңберінде «Қазпошта» АҚ-ның аудандық, қалалық, ауылдық бөлімдерінде халықтан өтінім қабылдау үшін арнайы оқытылған қызметкерлері бар 3 мыңнан астам трансфер-агенттік пункт ашылады», - дейді Ә.Арыстанов.
Аталған пункттерде делдалдардың жарнамалық өнімін тұрғындарға таныстыру жүргізіледі, алайда «Қазпошта» АҚ-ның қызметтерін өтеу толық тариф бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі таңда әлеуетті инвесторлардың оңтайлығы үшін трансфер-агенттік және делдалдық қызмет көрсету бизнес үдерістерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілген.
Осылайша, трансфер-агенттік қызметтер бойынша жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған, ол бұйрықтар мен клиенттік тапсырыстарды өңірлерден орталық офиске онлайн режімде жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инвесторлардың өздері онлайн режімде құнды қағаздардың бағасын белгілеуді бақылап, клиенттік тапсырыстар бере алады.