Қазақстанда хоккейді дамытудың жаңа бағдарламасы енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин Астанада Ресей ұлттық құрамасы штабының басшысы әрі Ресей хоккей федерациясының вице-президенті Роман Ротенбергпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда хоккейді дамытудың жаңа бағдарламасы енгізіледі

Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қос тарап әріптестік туралы меморандум аясында белсенді жұмыс жүргізіп, тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, федерацияның халықаралық қарым-қатынасы мен ойыншылардың лигаларға ауысуын реттеу мәселелерін қарады.

Кездесу соңында Ресейде хоккейді дамытуға арналған «Красная машина» бағдарламасын Қазақстандағы хоккей мектептеріне енгізу туралы шешім қабылданды.