Қазақстанда Hyundai Accent және ZAZ Chance автокөліктері сатылым жағынан көш бастап тұр

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша жаңа жеңіл көліктер мен коммерциялық техникамен, оның ішінде импортталатын және Қазақстанда өндірілетіндерді есептеген қазақстандық нарық 2011 жылдың осы кезеңімен қарағанда 133 пайызға артты.
None
None

Өткен айда ресми дилерлер 7 895 автотехниканы сатып үлгерген. Ал 2011 жылдың бұл мерзімінде 3 385 автокөлік сатылған екен. Бұл жайында «Қазақстандық автобизнестің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі хабарлап отыр.

Жалпы жыл басынан бері бұл бағыттағы сатылымдардың оң қарқыны байқалуда. Мәселен, қазақстандықтар наурызға   қарағанда, сәуірде 1 899 дана автокөлікті артық сатып алған. 

Атап айтқанда, Hyundai  және ZAZ атты 2 брендтің сатылымдары айтарлықтай елеулі болған. 2012 жылдың сәуірінде олардың сату қарқыны 2011 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті. Hyundai көліктері ішінде Accent, ал ZAZ  автомобильдерінің арасында шағын Chance үлкен сұранысқа ие болды.

Бұдан кейінгі орында  Renault және UZ-Daewoo көліктері келе жатыр. Олардың сатылымы наурызға қарағанда сәуірде  3 еседен астам деңгейде өсті. Премиум-кластағы көліктерге тоқталатын болсақ, Қазақстанда BMW машиналары танымал болып келеді. Өткен айда осы көліктердің сатылымы 2011 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5 есеге артық болды. Сонымен қатар Porsche  маркалы көліктер 3,5 есеге көп саудаланды.

Бұдан бөлек, Lexus (-5 авто) и Land Rover (-1) көліктерінің сатылымдарында шамалы төмендеу тіркелді.

Өңірлер бойынша тоқталатын болсақ, Алматыда көліктерге деген сұраныс жоғары. Сәуірде бұнда 2 162 автокөлік сатылған екен. Алматылықтар көбінесе Toyota,  ZAZ Chance және Lada көліктерін алса, ал астаналықтар Lada, Hyundai  мен Toyota көліктерін таңдайды екен. Сондай-ақ жеңіл коммерциялық автокөліктер санатында Қазақстан азаматтары ГАЗель көлігіне басымдық беретін көрінеді. Қостанайда Hyundai, УАЗ  және SsangYong көліктері сұранысқа ие.

Соңғы жаңалықтар