Қазақстанда І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қараша күні Астанада Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форум өтеді.

Қазақстанда І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

Форумды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастыруда ол Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог және көрсету алаңын құру болып табылады.

Шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады.

Форумның шеңберінде энергия үнемдеудің өзекті мәселелері, соның ішінде өнеркәсіптегі, қалалық орта мен ТКШ-дағы энергия тиімділігі, энергия тиімділігін стандарттау және таңбалау мәселелері талқыланатын болады, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы  тұжырымдамасының таныстырылымы өтеді.