Қазақстанда Иммундеу апталығы аясында тілек білдірушілер қызылшаға қарсы алдын ала егіле алады
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы сәуірдің 24-інен бастап мамырдың 1-іне дейінгі аралықта Қазақстанда Еуропалық иммундеу апталығы жүргізіледі.
Аталмыш шара Еуропаның барлық елдерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жүргізіледі, деп хабарланды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз баянында.
Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты - иммундеудің маңызынан хабардар ету және насихат жүргізу және халықты егілумен толыққанды қамту болып табылады.
Ағымдағы жылғы Қазақстандағы Иммундеу апталығы қызылшаға қарсы күреске арналады, соның аясында қызылшаға қарсы егілмеген бала туу жасындағы әйелдерді иммундеу жүргізіледі.
Иммуниттеу апталығы аясында тілек білдірушілер аумақтық денсаулық сақтау мекемелерінде тіркелу құжатынсыз, тегін қызылшаға қарсы алдын ала егіле алады.
Республика бойынша егілуге дейінгі кезеңде жыл сайын 20 мыңға жуық қызылша ауруы тіркелген.
2005 жылдан 2009 жыл аралығында 8 бен 40 жас аралығындағы азаматтарды қызылшаға қарсы жаппай егу жұмыстары жүргізілген, бұл 2005 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы қызылшаға шалдығатын адамдардың санын 15 есеге қысқартқан.
На сегодняшний день альтернативы иммунизации нет.
Бүгінгі таңда иммундеуге балама жоқ.