Қазақстанда импорт орнын басуы тиіс 150 тауар түрі анықталды - «Атамекен» ҰКП

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда импорт орнын басуы тиіс 150 тауар түрі анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Атамекен» ҰКП-ның басқарушы директоры Евгений Больгерт мәлім етті.

Қазақстанда импорт орнын басуы тиіс 150 тауар түрі анықталды - «Атамекен» ҰКП

«Біз экономика үшін барынша маңызды салаларды айқындадық. Олардың саны - 10. Бұл металлургия, машина жасау, химия мен мұнай химиясы, құрлыс материалдарын өндіру, қаптамалар шығару, тамақ өнеркәсібі», - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ірі ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік органдардың сатып алуларына талдама жүргізген.

«Аталған талдаманың нәтижесіне сәйкес, біз импорт көлемі таңдап алынған шекті көрсеткіштен жоғары 150 тауар түрін іріктеп алдық. Аталған 150 тауар түрі сатып алудың жиынтық көлемі 150 млрд. теңгеден асып жығылады. Меніңше, шағын және орта бизнес үшін бұл көрсеткіш өнімдерін сату тұрғысында өте тартымды», - деді Е.Больгерт.