Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасына 40 мыңнан астам инженер маман жетiспейдi - Г. Әбдiхалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасына 40 мыңнан астам инженер маман қажет. Бұл туралы бүгiн бiлiм мәселелерiне арналған "Қазақстан-2050" коалициясының отырысында ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiхалықова мәлiм еттi.

Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасына 40 мыңнан астам инженер маман жетiспейдi - Г. Әбдiхалықова

"Бiз алдыңғы бесжылдықта индрустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша есеп жасадық. Сол бойынша 43 мыңға жуық инженер және техникалық жұмыскер-мамандары керек. Келесi бiлiм беру жөнiндегi жоспарымызды осыған бағыттайтын боламыз", - дедi ол.

Оның айтуынша, салалық министрліктер, кәсіподақтар Кәсіпкерлік палатасымен бірге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін айқындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.