Қазақстанда инфекцияға қарсы шаралар дер кезінде іске асырылды - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарапшы Андрей Чеботарев Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күрес шараларына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралауына әсер еткен факторларға тоқталсақ, бастапқыда індет шет мемлекеттерден келді. Себебі Германия, Италия және өзге де елдерден инфекция жұқтырған біздің азаматтар елімізге оралды. Одан кейін коронавирустың таралуы ішкі мәселеге айналды. Індеттің таралуына тұрғындардың тығыз орналасуы ықпал етуде. Осы орайда ірі қалаларда көрсеткіштер жоғары болды. Мұнымен қоса, жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың әсері де бар. Бұл тұрғыда адамдардың қарапайым жеке гигиенаны, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтамауы теріс нәтиже берді», - деді А. Чеботарев онлайн тәртіпте өткен конференцияда.
Оның сөзіне қарағанда, карантиндік шектеулерді біртіндеп жеңілдету шаралары басталғалы тұрғындардың көбісі медициналық маскаларсыз көшеге шығуды бастады.
«Атап айтқанда, Қазақстан басшылығы инфекцияға қарсы шараларды дер кезінде атқара бастағанын атап жөн. Қаңтар айынан алдын алу шаралары іске асырылды. Наурыз айының орта кезінде індеттің бастапқы оқиғалары тіркелген кезде инфекцияның жаппай таралуына жол берілмеді. Әрине, енгізілген төтенше жағдай режимі қажетті қадам болды. Бұл режим жанама теріс процестерге алып келгені түсінікті, яғни экономикада іскерлік белсенділік деңгейінің төмендеуі, шағын және орта бизнес саласындағы іс-қимылдардың бәсеңдеуі секілді жағдай орын алды», - деді сарапшы.
Оның атап өтуінше, төтенше жағдай режимі кезінде қылмыстылық фактілерінің төмендеуі байқалды.
«Жалпы, елімізде індетке қатысты жағдай бақылауда болды. Мемлекет тиісті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылуда. Шетелдік әрі еліміздің ғалымдары коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтуда. Атап айтқанда, Қазақстан осыдай сынаққа алғаш тап болды. Бұл сынақты баршамыз тиісті дәрежеде еңсеріп келеміз», - деді Андрей Чеботарев.
Фото: ng.kz